Жарытлай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Чед Доусон (34-5) үшінші айқаста Геннадий Головкин (42-1) Сауль "Канело" Альваресті (57-2) жеңеді деген ойда.
"Шынын айтқанда, GGG бірінші жекпе-жекте Альваресті жеңді деп ойладым. Екіншісінде "Канело" басым түсті, ал енді үшіншісінде қайтадан Головкин жеңетін сияқты", - дейді Доусон Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.