Бокс
13 сәуір 2020 09:24

Әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезердің тісін сындырып өзіне әшекей жасаған

Сурет: Fightnews.info
Әлемнің бұрынғы чемпионы аргентиналық Маркос Майдана әйгілі Флойд Мейвезермен жекпе-жекте америкалықтың тісін қағып алғанын мәлімдеп, одан естелікке әшекей жасап алғанын айтады, - деп хабарлайды "Чемпионат".


Ал Мейвезер ауыр соққы алғанымен, тісінен айырылмағанын айтады. 

"Майдана соққысы гонг дыысымен дәл түсті. Үшінші раундта. Бұл шынымен ауыр соққы болды. Оған дейін мені есеңгірете алған жоқ болатын, бірақ сол кезде қатты тиді. Бірақ тісім сынған жоқ. Ол мықты жігіт, соққысы да ауыр, алайда, тісімді қағып алған емес", - дейді Флойд. 

Ал Майдана әшекей суреін Instagram желісінде жариялаған.