Бокс
26 сәуір 2022 15:34

Әлемнің бұрынғы чемпионы 39 жасындағы ең үлкен мотивациясын атады

Reuters ©

WBA super и WBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) мансабын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  "Чемпионат". 

"Бұл менің мақсатым емес, бірақ менің атым күндердің күнінде Атақ Залында болса, бақытты болар едім. Менің жасап жатқанымның барлығы - балаларым мен отбасым үшін. Мен балаларыма үлгі болғым келеді, өмір мен спорт қиындыққа толы болса да, мойымау керегін үйреткім келеді. Егер өзіңіз қаласаңыз, армандар орындалады. 

Мені мансабымды жалғастыруға не шабыттандырады дейсіз бе? Ең алдымен - ақша. Әрине ақша ол жекпе-жекке күш беретін энергия және мотивация. Ақшаңыз болса, энергияңыз да болады. Оның үстіне менің үлкен мотивациям - бокстағы мансабымды чемпион ретінде аяқтау. Өйткені солайша мен балаларыма үлгі бола аламын. Егер өнер көрсетуімді қазір аяқтасам, өзімді өмірімнің соңына дейін ыңғайсыз сезінуім мүмкін еді. Ақшам көп болуы мүмкін, бірақ іштей өзімді жайсыз сезінуім ықтимал. Үнемі тағы жалғастырып, тағы бір титул алуым мүмкін еді деген оймен жүруім мүмкін. Мен дәл қазір соны жасауға тырысудамын. Мен тағы бір рет әлем чемпионы болуға дайынмын. Жаңа титул алғым келеді", - деді Ковалев.

Бұған дейін Ковалев танымал блогер-боксшы Джейк Полмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport