Әлемнің абсолют чемпионы өзбек боксшымен жекпе-жекке шықпай қойды
Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев (13-1, 10 КО) екінші ең жеңіл салмақта WBA белбеуін жекпе-жексіз иеленетін болды.
Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев (13-1, 10 КО) екінші ең жеңіл салмақта WBA белбеуін жекпе-жексіз иеленетін болды.
Бұл осы дивизионда абсолют чемпион жапониялық Наоя Иноуэнің (28-0, 25 КО) өзбек боксшыға қарсы міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартуына байланысты болып отыр. Британиялық промоутер Эдди Хирннің сөзінше, WBA Ахмадалиевтің дәржесін "уақытшадан" толыққанды чемпионға дейін көтереді.
Боксшылар бәрібір шаршы алаңда кездесе ме?
Иноуэнің Ахмадалиевпен жұдырықтасудан бас тартқанымен, Хирн боксшылар бәрібір 2025 жылы Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізуі мүмкін дегенді айтады. Жапониялықтың келесі кездесуі 24 қаңтарға жоспарланған. Ол аустралиялық Сэм Гудманға (19-0, 8 КО) қарсы айқаста IBF титулын қорғайды.
Еске салайық, Муроджон WBA ұйымының "уақытша" чемпионы атағын мексикалық Рикардо Эспиносаны (30-5, 25 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіп алған болатын.
Жарнама