Бокс
17 сәуір 09:30
 

Әлемнің абсолют чемпионы Қазақстан боксының артықшылығын мойындады

  Пікірлер

blog.share

Әлемнің абсолют чемпионы Қазақстан боксының артықшылығын мойындады ©Metaratings

Кәсіпқойда әлемнің аболют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) Қырғызстанда неге бокстан Олимпиада чемпионы жоқ деген сұраққа жауап бере отырып, жалпы жаттықтыру жүйесінің ақсап отырғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Кәсіпқойда әлемнің аболют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) Қырғызстанда неге бокстан Олимпиада чемпионы жоқ деген сұраққа жауап бере отырып, жалпы жаттықтыру жүйесінің ақсап отырғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Бивол Қырғызстандағы боксшыларды даярлау жүйесін Қазақстан, Өзбекстан және Ресеймен салыстырды. 

"Мемелекеттің қолдауынсыз чемпионы тәрбиелей алмайсың. Өйткені мен көрдім мұнда да жігіттер мықты, құлшынысы бар, олар Қазақстан жігіттерінен, Өзбекстан немесе Ресей боксшыларынан еш кем емес. Ендеше неге көршілерде Олимпиада чемпиондары бар, әл бізде жоқ?

Егер көршілерге көз салсаңыз, олар жаттығу жиындарын көп ұйымдастырады, жарыстарға жиі барады. Бәрі қарапайым", - дейді Бивол Exclusive KG YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Бивол Қырғызстанда дүниеге келген. Боксшы кейінгі рет 22 ақпан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) жұдырықтасып, қарымта айқаста Артур Бетербиевтен (21-1, 20 КО) төрешілер шешімімен басым түсті де, жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанды.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!