Бокс
3 қыркүйек 2019 08:45
 
Әлемге әйгілі Қытай миллиардері Абай өлеңін жатқа оқыды және эстафетаны тағы да Головкинге жолдады

  Пікірлер

blog.share

Әлемге әйгілі Қытай миллиардері Абай өлеңін жатқа оқыды және эстафетаны тағы да Головкинге жолдады Джек Ма Головкин - Роллс жекпе-жегінде. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

"Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын қытайлық миллиардер, Alibaba Group интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма жалғастырды. Әйгілі кәсіпкер Абай Құнанбаевтың "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін қытай тілінде жатқа оқып, эстафетаны қазақстандық кәсчіпқой Геннадий Головкинге жолдады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, бұл эстафетаны Джек Маға ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев жолдаған.

"Құрметті достар, мен Джек Ма. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін",- деді қытайлық миллиардер.

Еске салайық, Джек Ма эстафетаны Головкинге жолдаған бірінші адам емес. Мұның алдында "Такси" фильмінен кейін әйгілі болған франциялық актер Сами Насери Абай өлеңін оқып, #абай175жыл эстафетасын жалғастырып, ары қарай оны қазақстандық боксшыға жолдаған. 

Жарнама

Живи спортом!