"Әлемді таңдандырады". Садриддин Ахмедовтың үш титул үшін айқастағы қарсыласы
Қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) жоғары деңгейге өтуге дайын. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында оның қарсыласы болған Стивен Даньо (17-3-4, 6 КО) осындай пікір білдірді.
Қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) жоғары деңгейге өтуге дайын. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында оның қарсыласы болған Стивен Даньо (17-3-4, 6 КО) осындай пікір білдірді.
30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласына өткен бокс кешінде Ахмедов бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone титулдарын жеңіп алды.
"Бұл өте ауыр жекпе-жек болды. Мен өзіме ыңғайлы стильде жұдырықтасуға мәжбүр еткім келді, бірақ, олай болмады. Соққы алмасып жатқанда ол бірден қосылып, қарқынын қоса түсті. Оның басымдығы үлкен болмады, алайда, анық еді. Ол біртіндеп жеңісті өз қолына ала бастады.
Төрешілер шешімімен келісемін. Мықты боксшы жеңді. Маған сеніп, қолдау білдіргендерге рахмет. Мен әлі ораламын.
Ал Садриддин жаңа кезеңге өтуге лайықты. Меніңше, оның болашағы зор. Ол әлемді таңдандыратын талантты боксшы", - дейді Даньо.
Жарнама