Бокс
31 қаңтар 2020 10:54

Әлем чемпионынан IBF пен WBA белбеуін тартып алған өзбек боксшы атын тарихқа жазды

© uza.uz
Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев екінші ең жеңіл салмақта екі титул жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Майамидегі Meridian at Island Gardens аренасында өткен бокс кешінде Ахмадалиев амеркиалық Даниэль Романнан IBF және WBA (Super) елбеулерін тартып алды. 

Жекпе-жек толық 12 раунд өтті. Өзбекстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңді (115-113, 115-113, 113-115). Осылайша, ол Өзбекстан боксшылары арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Бұл оның сегізінші жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі, оның алтауы нокаутпен. 

Еске салайық, 2016 жылы Олимпиадада Ахмадалиев ширек финалда қазақстандық Қайрат Ералиевті жеңіп, қола жүлдегер болған. Ал 2017 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы қарымтасын алып, турнирдің алтынын иеленді. Осыдан кейін өзбек боксшы кәсіпқойға өтіп кетті.