Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов боксшы Асыланбек Шымбергенов ұлттық командандаға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шымбергенов (71 кг) 2024 жылдың соңынан бері өнер көрсетпеді.
Боксшының жарақаты бары айтылған еді.
"Асланбек бауырымыз ақырындап жаттығуға кірісті. Енді қараша айында өтетін Қазақстан чемпионатында жүлдегерлер қатарына кірсе, қайта ұлттық құрамаға оралады.
Әзірше ол ұлттық құрамада жоқ. 2025 жылғы оқу-жаттығу жиындарына қатыспады. Бірақ өз облысында кішігірім турнирлерде бой көрсетіп жүр деп естідім", - дейді Сәтжанов Спорт Министріне берген сұхбатында.
Асыланбек Шымбергенов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңіспазы, соанымен бірге, Азия (2022) және Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014,2017). 2024 жылғы Париждегі (Франция) Олимпиадада құраманың капитаны болған, алайда, ол жарыста бірінші айналымда-ақ жеңіліп қалды.
Жарнама