Бокс
8 қыркүйек 2021 11:51
 

Әлем чемпионын айқасқа шақырған Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионын айқасқа шақырған Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады © instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса жекпе-жек қараша айына жоспарлануда. Алда 2 айлық қызу дайындық күтіп тұр! Біз жекпе-жекке чемпиондарды шақырып, промоутер мен менеджерге де мықты қарсыластар беруін сұрап жатырмыз. Күтейік! Жеңісті күнде жүздесейік!" - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазақ боксшы кейінгі айқасында бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген еді.

Ал кеше Жәнібек белгілі промоутер Эдди Хирнге қарата мәлімдеме жасап, орта дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек талап етті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!