Әлем чемпионы Нұрбек лицензиялық турнирді айқын басымдықпен бастады

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Италияның Бусто-Арцисио қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирін сәтті бастады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Италияның Бусто-Арцисио қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирін сәтті бастады, деп жазады Vesti.kz.
80 келіде өнер көрсететін Нұрбектің 1/32 финалдағы қарсыласы гаитилік Седрик Белони-Дюльепре болды. Бұл жекпе-жекте жеңісті төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.
Нұрбек 2023 Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанғанын еске салайық. Ол әлем біріншілігінің финалында оның қарсыласы Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан болған еді.
Жарнама