8 қаңтар АҚШ астанасы Вашингтонда бокс кеші өтеді. Бұл кеште жеңіл салмақта WBA World чемпионы америкалық Джервонта Дэвис (27-0, 25 KO) жеңілмеген доминиканалық Эктор Луис Гарсияға (16-0, 10 KO) қарсы жекпе-жекте титулын қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған байланысты боксшылар баспасөз мәслихаты мен біртүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Қарсыластар алдымен бір-бірін итеріп, кейін не істегендерін ұмытқандай камераларға қарап тұра қалды. Мұнда Дэвистің әрекеті қызық көрінді, боксшы баспасөз жиынына "жұтып" алып келген сияқты.