Бірінші жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold титулдарына ие Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) келесі жекпе-жегін шетелде өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
Боксшының командасына жақын дереккөз мәліметінше, қазіргі таңда АҚШ пен Оңтүстік Америка елдері қарастырылып жатыр. Жекпе-жек осы жаздың басында болады екен, қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатқан көрінеді.
Айта кетейік, Жанқош кейінгі рет былтыр Алматыда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондодан (37-12-2, 21 КО) WBA Gold белбеуін тартып алған.