Әлем чемпионы Жәнібекті сайқымазақ деді
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы дивизионда WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 KO) тағы да үн қатты, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы дивизионда WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 KO) тағы да үн қатты, деп жазады Vesti.kz.
"Адамес Twitter-ден жоқ болып кеткенін бәрі көрді. Бірақ Instagram-да белсенді. Неге олай еткенін білесіздер ме? Өйткені аузы буылды! Сұраған келісімшартын бердім! Енді не? Келісімшартқа қол қойсаңшы, чемпионсың ба әлде кімсің?
Карлос егер ер адам бірдеңе айтса, сөзіне жауап бере алу керек. Қорқақ болма. Егер бас тартсаң, мұны ұмыта алмайсың. Сенің үрейіңе айналамын деп айттым ғой", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттерде.
Адамес жауабында қазақстандықтың "өтірігін ашты":
"Сен сайқымазақсың, шоу жасап, жанкүйрелер сені шынымен жекпе-жекті қалайды деп ойласын дейсің. Одан да неге шындықты айтпайсың? 15 маусымда жекпе-жекке шыққалы жатырсың, менде де алда қорғауым бар.
Соны өткізіп алайын, сосын ісім сенімен болсын. Ал рингте бетпе-бет келгенде сөзіңді өзіңе жұтқызамын. Командаңа айт, ауызша айтылған соммаңа қол қойылған келісімшартты жіберемін".
Жарнама