Әлем чемпионы Головкиннің экс қарсыласын нокаутқа түсірді

WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбритаиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбритаиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Төртінші раундта Кроуфорд Брукты нокдаунға түсірді, бірақ ұлыбританиялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды. Дегенмен Теренстің келесі шабуылынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
???? LEFT NO DOUBT ????@terencecrawford stuns Kell Brook with a big right hand and wastes no time closing the show in Round 4. Goodness ... #CrawfordBrook pic.twitter.com/pvD56GdSdL
Еске салайық, 2016 жылы Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) мерзімінен бұрын жеңілген болатын - бесінші раундта ұлыбританиялықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, рингке орамал лақтырған.
Жарнама