Әлем чемпионы Головкинге төрт белбеу үшін айқасуды ұсынды
WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін тағы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін тағы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның сөзінше, Головкин желтоқсанда орта салмақтағы WBA Super чемпионы жапондық Риота Муратаны жеңсе, олардың айқасын 2022 жылы ұйымдастыруға болады.
"Мені менсінбей жүр демес едім. Маған ұсынылған маңызды кездесулер бар. Деметриус Андраде біздің жекпе-жек туралы бірдеңе деп жүр, Геннадий Головкин белбеу біріктіргісі келеді. Сондықтан біз осы титулдар үшін жұдырықтаса аламыз. Бұл мегафайт болар еді. Егер Головкин Муратаны жеңіп, титулдарды біріктірсе, белбеу біріктіретін тағы бір айқас өткізе аламыз ғой.
Канело - Плант жекпе-жегінің жеңімпазы да жарайды. Мега келісімге келіп, менің мұрамды кеңейте түсеміз деп үміттенемін", - деді Чарло PBC подкастына берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин DAZN стримингтік қызметімен жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек бойынша келісімге келгені хабарланған болатын. ESPN мәліметінше, бұл айқас 29 желтоқсан Жапонияда 37 000 мың көрермен сиятын Saitama Super Arena шаршы алаңында өтеді.
Жарнама