Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) рингке оралады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне оның бапкері Роджер Ромо айтты.
"Қанатпен жұмыс істеп жатырмыз. Қазан айындағы жекпе-жегінен кейін отбасымен демалысқа кетті. Алдағы уақытта жаттығу лагеріне арналған жоспарымызды құрамыз. Келесі жекпе-жекті қашан өткізетінімізді де анықтап аламыз. Жаттығу жиынын Флорида штатында бастаймыз. Шамамен қаңтар соңында.
Мақсатымыз өзгерген жоқ. Биікке қарай ұмтыламыз. Қанаттың бір мақсаты бар - әлем чемпионы атану. Оның қолынан келетініне сенемін", - дейді маман.
Қанат рингке кейінгі рет 7 қазан АҚШ-тың Плант-Сити қаласында шығып, аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.