Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке қатысты пікрі білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, 5 сәуір Астанада Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенгені жеңіп, титулдарын қорғап қалды."Командам айтқан, егер мен Ширазды жеңсем, Жәнібекпен жекпе-жекке шығамын деп. Келесі айқасым нақты сонымен өтеді деген ойдамын. Бұл мен армандаған жекпе-жек. Осы жолы өтеді деген сенімдемін. Әлімханұлы - жақсы боксшы. Бірақ мені жеңетіндей мықты емес деген ойдамын", - дейді Адамес BoxingScene басылымына сұхбатында.
Алайда WBC Адаместі өзге қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеп отыр.