Ресейде бокстан өткен әлем біріншілігі-2019 жарысында алтын медальды қанжығасына байлаған қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ақтау қаласында екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды, - деп хабарлайды "Маңғыстау ТВ".
Чемпион мен оның бапкері Марат Жақиевті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұманов қабылдады.
Боксшының бірінші бапкеріне үш миллион теңгелік сертификат табысталды, ал оның қазіргі жаттықтырушысы Жақиевке - бес миллион теңге берілді.
Айта кетейік, Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз алтынның иесі атанды.