Қазақстан құрамасына жаңадан қосылған 21 жастағы Нұрқанат Райыс әлем чемпионатындағы бірінші жеңісінен кейін көңіл-күйімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
75 келіде Нұрқанат черногориялық Стефан Савковичтен басым түсті.
"Аллаға шүкір, әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегімді өткіздік. Бәрі ойдағыдай болды. Бапкерлердің нұсқауын ұстандық. Ары қарай бұдан да тамаша ойын көрсетеміз деген ойдамын. Бұл менің бірінші әлем біріншілігім, психологиялық тұрғыдан бәрі тұрақты, жақсы", - дейді Нұрқанат.