"Алдымызда жаңа GGG". Америкалық менеджер Батыр Жүкембаев туралы

Америкалық менеджер Рик Мириджан қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (18-0, 14 КО) келісімшартқа отырғаны жайлы пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық менеджер Рик Мириджан қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (18-0, 14 КО) келісімшартқа отырғаны жайлы пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Батыр 18-0 көрсеткіші және 14 нокауты болғанымен көпке дейін көзге түспей жүрді. Ол 140 фунт салмақта топ-10 тізімде, енді оның үлкен сахнада өнер көрсететін уақыты келді.
Қазір ол АҚШ-та, Мэнни Роблеспен жаттығады, кеңесші ретінде MTK Global компаниясы бар. Осылардың бәрі және оны жетілдірген Камил мен Eye of The Tiger компаниясымен бірге жұмыс істеуге асықпын. Мүмкін, алдымызда жаңа GGG", - деп береді Мириджанның сөзін MTK Global компаниясының баспасөз қызметі.
Жарнама