Алдымен Мунгия сосын чемпионмен. Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақ чемпионына міндетті қарсылас атануы мүмкін. Бұл туралы жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Top Rank басшысы Боб Арум мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Роб Брантты (26-2, 18 КО) жеңген жағдайда Жәнібекті жыл соңына дейін мексикалық Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жекке шығару жоспарланып отыр.
"Бұл тамаша айқас. Біздің жоспар бойынша, осы кездесу жеңімпазы жыл соңына дейін Мунгиямен жұдырықтасады. Сонымен қоса, бұл орта салмақта WBO титулына элиминатор (міндетті қарсыласты анықтайтын жекпе-жек) болады деп үміттенемін. Осы кездесу жеңімпазы орта дивизиондағы чемпиондық айқасқа шыққанын қалаймыз", - дейді Арум.
Еске салайық, Әлімханұлы-Брант айқасы Қазақстан уақытымен 27-маусым Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.
Украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кардында өтетін жекпе-жек Қазақстанда тікелей көрсетіледі.
Жарнама