Бокс
13 қазан 2020 17:06

"Ал павлодарлық жігітте қандай таныс?". Шетелдік сарапшы бокста жұлдыз болудың ащы шындығын айтты

Сурет: Sherdog.com
FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит Vesti.kz редакциясының арнайы конференциясында АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және басқа елдер боксшыларының кәсіпқойдағы мүмкіндіктерін салыстырды. 


"Ұлыбритания немесе Мексика болсын, АҚШ-та тумаған боксшыға жұлдыз болу қиындау. Ал Америкада көзге түсуің оңайлау, байланыс орнату және таныс табу деген сияқты.

Ал енді, мәселен, Павлодарда тұратын жігіт америкалық промоутерлермен қалай байланысады? Оның қандай танысы болсын? Өзіңді көрсету үшін алдымен жергілікті чемпионатта шығу керек, ол жерде енді тағы таныс пен ақшаң болу қажет. Содан кейін Азия немесе әлем чемпионатына бару керек, ал құрамалардың өз ішінде рингтен тыс бәсекелестік те бар. 

Батысқа шыға алатын жігіттердің бар болғаны жақсы, олар артындағыларға жол бастаушы болады. Сонымен қоса, бұл промоутерлерге осы елдердегі боксшыларды бақылау керегін, өйткені онда таланттар көп екенін білдіреді", - дейді сарапшы.