"Акуланы" бірінші раундта нокаутқа түсірген қазақ боксшы WBA титулын жеңіп алды
©kfb
23 жастағы кәсіпқой боксы Бек Нұрмағамбет WBA International белбеуіне ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
23 жастағы кәсіпқой боксы Бек Нұрмағамбет WBA International белбеуіне ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елорда төріндегі "Көшпенділер айқасы 2" кешінде ол 30 жастағы мексикалық "Акула" лақап атымен танымал Бруно Сандаваламен кездесті.
Он раундқа созылған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Бек алдымен алғашқы секундтарда жойқын соққымен қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, Бек Нұрмағамбет 2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған. Ол өткен жылы ұлттық құрамадан кеткен болатын.
Жарнама