"Ақталудың қажеті жоқ". Чемпион Әлімханұлы мен Головкинге батыл ұсыныс жасады
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Карлос Адамес дивизион мықтыларына турнир ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Карлос Адамес дивизион мықтыларына турнир ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Орта салмақ боксшылары бұрынан бері эпикалық болды. Мен сол дәуірді қайтарғым келеді", - деп жазыпты ол Twitter желісінде.
Осыдан кейін Адамес өзге чемпиондар Геннадий Головкин (WBA Super, IBF, IBO), Жәнібек Әлімханұлы (WBO), Джермалл Чарло (WBС), Эрисланди Лара (WBA Regular) мен WBO рейтингінде бірінші тұрған Хайме Мунгияға ұсыныс жасады.
"Орта салмақта тарихи турнир ұйымдастырайық, оның жалғастыру жауапкершілігі біздің мойнымызда. Мен ең мықтымын және оны паш етемін. Телевидение, платформа, промоутерлер алдында ақталудың қажеті жоқ, жұдырықтасқысы келген боксшы амалын табады", - деп жазыпты Карлос.
let’s make this historic middleweight tournament, we have the responsibility of continuing this. I am the best and y will demonstrate it.Don’t give excuses about the TV, the platforms, the promotors, the fighter who want to fight find the way to fight. pic.twitter.com/SYLc2QqwQ6
— Carlos Adames (@BroncoAdames) December 3, 2022
Жарнама