Бокс
9 желтоқсан 2019 13:45
 
"Ақталғым келмейді". Руис қарымтада Джошуадан жеңілу себебін ашық айтты

  Пікірлер

blog.share

"Ақталғым келмейді". Руис қарымтада Джошуадан жеңілу себебін ашық айтты © Reuters/Andrew Couldridge

Амеркиада өнер көрсететін тегі мексикалық боксшы Энди Руис (33-2, 22 КО) қарымта жекпе-жекте британиялық Энтони Джошуадан (23-1, 21 КО) неге жеңілгенін түсіндірді. 

Желтоқсанның 8-не қараған түні Сауд Арабиясында өткен жекпе-жекте Джошуа төрешілер шешімімен Руисті жеңіп, ең ауыр салмақта WBO, IBF, WBA және IBO белбеуін қайтарды. 

"Анда да, мында да болу оңай емес, жаттығуларды өткізіп алу. Ақталып отырғым келмейді. Бірақ өзімді еңбектенуге мәжбүрлеймін. Керемет күйде болмасамда, жақсы деңгейде жұдырықтастым. Көбірек қысымға алып, қолыма ерік беру керек еді.

Әрине, аздап қапалымын. Әкемді, командамды тыңдауым керектігі туралы сөйлестік. Салмағымды мұншаға артып кеткені жөн болмады. Өздігімнен жаттығуға тырыстым. Әке, бапкер кешіріңдер мені. Өзіме тым сенімді болған сияқтымын. Дегенмен ақталғаным емес, ол жеңді.

Лагерь тым кеш басталды. Чемпион болу үлкен жауапкершілік. Үш ай той тойлап, мерекелеп жүру барымды алып қойды. Шамам келеді деп ойладым. Не дейін? Ағаттығымды түсіндім және оның қазір болғанын қуаныштымын. Әлі жаспын, сондықтан мен үшін бұл басы ғана. Қайтып ораларыма сеніңіздер. Есімді жияйын, қайтадан әлем чемпионы боламын", - дейді Руис жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Жарнама

Живи спортом!