АҚШ-тың танымал басылымы Елеусіновтың жеңілісі туралы пікір білдірді
Америкалық Boxingscene.com сайты 36 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтың 26 жастағы америкалық супер орта салмақтағы боксшы Джуниор Юнанға қарсы өткізген кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек өткен демалыста Бруклиннің (АҚШ, Нью-Йорк) Barclays Center аренасында өтті және қазақстандық спортшы бірінші раундта жеңіліс тапты.
"Джуниор Юнанға қиын кездесулердің бірі болуы тиіс жекпе-жекте жеңуге бір раундтқа жетер-жетпес уақыттың өзі жеткілікті болды.
Кездесу бастала сала Юнан Елеусіновке тұра бас салды. Күші басымырақ Юнан ауыр соққыларын жаудырды. Елесуінов реттеле алмай, кездесу 1 минут 47 секундта аяқталды.
15 айдан бергі бірінші кездесуіне шыққан Юнан өз қоржынына 11-ші нокаутын салды, рекорды 17-0-1 болып өзгерді. Ал Елеусінов (10-2-1, 9 КО) болса өзінің жеті жылдық кәсіби мансабында бірінші рет нокаутпен жеңілді", - дейді басылым.
Естеріңізге сала кетейік, кештің негізгі кездесуі бірінші орта салмақ шегінде өтті. Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, америкалық Дэнни Гарсия (37-3, 21 КО) отандасы Хосе Бенавидесті (27-2-1, 18 КО) төрешілер шешімімен жеңді.
Жарнама