"Әрине, Қазақстан халқы мұндайды өз жерінде тамашалауға лайық. АҚШ-та өткізіп жатқан деңгейдегі шоуды өз көзімен көруі керек. Мұндайды жасау қажет. Әлбетте мен "иә" деймін. Бірақ бұл мәселеде көп дүние маған байланысты емес, бірақ, осындай мүмкіндік туа қалса - қуана істеймін", - дейді Головкин.
Айта кетейік, Головкин Қазақстанда бір ғана рет жұдырықтасқан - 2010 жылы WBA титулы үшін Астанада өткен жекпе-жекте колумбиялық Нильсон Тапианы нокаутқа түсірген.