Нидерланды елінің бокс федерациясы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайтынын ресми мәлімдеді. Бұл туралы голландиялық функционер Борис Ван дер Ворст әлеуметтік желіде хабарлады.
Себеп Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресейлік және белоруссиялық боксшыларға өз елінің туымен жарысқа қатысуға рұқсат беруі болып тұр.
Дегенмен Нидерланды құрамасы 2023 жылғы Еуропа және 2024 жылғы Олимпиада ойындарына дайындығын жалғастыра бермек.
Айта кетейік, бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі байрақты бәсеке саналады.
Ерлер арасындағы биылғы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтсе, әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурызда Нью-Делиде болады.