Бокс
1 қараша 2019 15:17

AIBA қазақстандық боксшыны аңызға айналған Мохаммед Алиге теңеді

© ҚБФ
Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Васиий Левиттің жекпе-жегіне таңданыс білдіріп, оның стилін Мохаммед Алидікіне теңеді , - деп хабарлайды Vesti.kz.


AIBA қазақстандық боксшының Екатеринбургте өткен 2019 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін атап өтті. 91 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға шығу үшін Левит төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен словак Давид Михалекті жеңген еді. 

"Көбелектей ұшып, араша шақ. Стильді таныдыңыздар ма?", - деп жазыпты AIBA видео астына.