Бокс
22 желтоқсан 2020 12:00

Ахмедовтың чемпиондық жекпе-жекте нокаутпен жеңілуінің басты себебі айтылды

Сурет: twitter.com/MatchroomBoxing

Екінші орта салмақтағы қазақстандық Али Ахмедов IBO титулы үшін Карлос Гонгорамен жекпе-жекте қобалжуын баса алмады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com редакторы Джек МакКаферри осындай пікір айтты. 

"Ахмедов - тамаша боксшы, биікке жете алады. Алайда проспект өзінің қобалжуын баса алмады. Алдыңғы жекпе-жектердегідей жұдырықтасуға тырысты. Басын жақсы бастады, бірақ, кейін эквадорлық оны есеңгірете бастады. Осы сәт шешуші болды деп ойлаймын. Қазақстандық боксшы бір қалыпты жұмыс істеп, құрысып қалғандай болды. Оған салқынқандылық жетіспеді. Кей сәттерде қарсыласты алдап, байқап жұдырықтасу керек еді. Мұның бәрі тәжірибенің аздығынан.

Бұл жеңіліс апат жағдай емес. Ахмедов жас, әлі тәжірибе жинайды. Оның командасы Гонгорамен қарымта өткізетін шығар. Меніңше, бұл ең дұрыс шешім. Ол титулды қайтарып, психологиялық кедергісін жоя алады", - дейді МакКаферри.