Ахмедов қарсыласының бәрін сұлатқан никарагуалық нокаутшымен жекпе-жекке шығады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) алдағы жекпе-жектеріне қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) алдағы жекпе-жектеріне қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ахмедов рингке 26 тамыз АҚШ-тың Коста-Месе қаласында шығады. Қарсылас әзірге таңдалған жоқ.
Сонымен қоса, 16 қыркүйекке Алидің тағы бір айқасы белгіленген. Ахмедов бұл күні Монтебелло қаласындағы бокс кешінде жеңілмеген никарагуалық Лестер Мартинеспен (9-0, 9 КО) жұдырықтаспақ.
Әзірге Ахмедов 20 күнде екі жекпе-жек өткізбек ниетте ме, әлде тамыздағы кездесуден бас тарта ма, ол жағы белгісіз.
Жарнама