Бокс
10 желтоқсан 2021 13:41

Ахмедов 17 нокауты бар мексикалықпен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (17-1, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстадық боксшының қарсыласы мексикалық Пол Валенсуэла болады (26-10, 17 КО). Жекпе-жек Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында 11 желтоқсанда, Қазақстан уақыты бойынша таңертең өтеді.

 Еске салайық, Ахмедовтың ісін IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) негізін қалаған GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Қыркүйектегі кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов "Пантера" деген лақап атпен танымал перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport