Ағайынды Махмұт және Төрехан Сабырхан кәсіпқой рингтегі алғашқы айқастары үшін қанша гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Махмұттың айтуынша, бастапқыда олар басқа сомма сұраған, алайда, кейін бағаны төмендетуге тура келіпті.
"Біз өзіміздің бағаны айттық, олар бізге: "біраз түсіңдер" деді. Ақыры келісімге келдік - екеумізге ортақ 12 миллион шықты. Бастапқыда әрқайсымызға 30 мың доллардан сұрадық (15 миллион теңгеден). Бірақ болғаны болды. Әзірге ақшамызды алған жоқпыз", - дейді Махмұт "Бірінші бол" подкастында.
Еске салайық, ағайынды боксшылар 5 сәуір Астанада алғаш рет кәсіпқой рингке шыққан еді. Махмұт Сабырхан екінші раундта вьетнамдық Дако Данг Хайнхты нокаутқа түсірді, ал Төрехан үшінші раундта Иржи Хаукені берілуге мәжбүр қылды.
Жарнама