Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) ұйым титулынан айырылмайды және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) айқасуына рұқсат етіледі, деп хабарлайды "Чемпионат".
Бокс аңызы "Канело" үшін ең қауіпті қарсыласты атады
"Жағдайды жіті қарастырғаннан кейін, Бивол мен Альварестің WBA белбеуі үшін айқасына санкция бермеу әділетсіз деп шештік. Олардың жекпе-жектеріне байкот жариялау "Канело" мен Бивол үшін әділетсіз жаза болады деп есептейміз", - делінген Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының хабарламасында.