63,5 келідегі қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда Зейнуллинов 2023 жылғы ӘЧ-нің күміс жүлдегері моңғолиялық Чинзорик Баатарсухпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша қазылар жеңісті бір ауыздан моңғолиялық боксшыға берді.
Еске салайық, 1/16 финалда Зейнуллинов иорданиялық Обад Алкасбехті, ал 1/8 финалда тәжікстандық Баходур Усмоновты жеңген еді.