АЧ алтыны үшін қазақстандық боксшыларға қанша сыйақы төленетіні айтылды
Қазақстан құрамасының бұрымды боксшылары Азия чемпионатындағы жүлделер үшін қанша сыйақы алатынын айтылды.
Қазақстан құрамасының бұрымды боксшылары Азия чемпионатындағы жүлделер үшін қанша сыйақы алатынын айтылды.
Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан құрлықтық біріншілікке Қазақстаннан 12 бұрымды боксшы барды. Оның оны жүлде жеңіп алды.
Бес қазақстандық қыз Азия чемпионы атанды: Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг).
Алтын алған қыздарымызға сегіз мың доллардан (4,092 миллион теңге) төленеді немесе жалпылай чемпиондарымызға 40 мың доллар (20 миллион 460 мың 337 теңге) беріледі екен.
Қазақстан құрамасынан күміс алғандар болған жоқ, ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлде үшін екі мың доллардан (1,023 миллион теңгеден) алады.
Сымбат Әлиасқар (54 кг) ширек финалға жеткені үшін мың доллар алады.
Жарнама