Абсолют чемпион "Канело" мен Головкин жайлы шындықты ашық айтты

Оның сөзінше, "Канело" GGG 40 жасқа толып, әбден қартайғанын күтті.
Оның сөзінше, "Канело" GGG 40 жасқа толып, әбден қартайғанын күтті.
Ресейлік боксшы Алексей Папин мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Меніңше, "Канело" жеңеді. Ол Головкин елуге аяқ басқанша дейін күтіп отыр ғой. Геннадийге қиын, жас өзінікін алады. "Канело" - жас, Головкин - дәуірі өтіп бара жатқан боксшы, дегенмен, нокаутшыда әрдайым мүмкіндік бар. Қалай болса да Головкинге жанкүйермін. Алайда шынына келейік, бұл айқаста Альварес жеңеді-ау", - дейді Папин "Два Боковых" YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Папин бокстан бөлек кибокспен де айналысып, абсолют чемпион атанған.
Жарнама