Әбілхан мен Бек Канелоның Мексикадағы бокс кешінде айқасады
Қазақстандық Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) мексикалық Сауль Канело Альарестің (58-2-2, 39 КО) 6 мамыр Гвадалахарада өткізетін бокс кешінің кардында жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Әбілхан жергілікті боксшы Хесус Моройока Паломареспен (7-2-1, 4 КО), ал Бек венесулалық Аргенис Эспанамен (15-1, 14 КО) 8-раунды жекпе-жекке шығады. Ал кештің басты айқасында Канело британиялық Джон Райдермен (32-5, 18 КО) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Әбілхан мен Бек осы бокс кешінде өнер көрсетеді деген келісім бар, алайда әзірге олар ресми шақырту алмады.
Бұған дейін боксшылар 15 сәуір Помондағы (Калифорния, АҚШ) бокс кешінде рингке шығатын болған еді. Олардың қарсыластары мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) мен венесуэлалық Эбер Рондон (20-3, 13 КО) болатын.
Жарнама