Бокс
14 маусым 2017 12:43
 
Әбілхан Аманқұл WSB жартылай финалының үздік боксшысы атанды

  Пікірлер

blog.share

Әбілхан Аманқұл WSB жартылай финалының үздік боксшысы атанды © Baistars.kz

"Астана Арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетіп жүрген 19 жастағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл WSB жартылай финалының үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы 65 пайыз дауыс жинаған. Бұл тізімде Әбілхан Аманқұлдан кейін "Куба Домадорес" командасы үшін жұдырықтасатын олимпиада чемпионы Хулио Де Ла Крус тұр (26 пайыз). Үшінші орында "Коломбиа Хероикос" командасы сапындағы доминиканалық Леонел Де Лос Сантос Нуньес тұр (9 пайыз).

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін жеңімпазы "Астана Арланс" және "Куба Домадорес" турнирдің ақтық сыныда кездеседі. Бұл мачтар шамамен маусым соңы және шілденің басында өтеді. Командалар бұған дейін де турнир финалында кездескен, ол кезде қазақстандықтар жеңімпаз болған еді.

Жарнама

Живи спортом!