Абель Санчес "Канело" мен Головкиннің үшінші айқасына қатысты мәлімдеме жасады

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді.
"Меніңше, Головкинге "Канеломен" жекпе-жектің қажеттілігі көбірек. Бұл Геннадийге мотивация беретін лайықты айқас деп білемін, дегенмен, Альваресте жұдырықтасқысы келетін үш-төрт жігіттің тізімі бар. Ол Даңқ залына кіру үшін үлкен жеңістер іздеуде. "Канело" түрлі қарсыластар қарастыруда, ал Геннадий олардың қатарында жоқ", - дейді Санчес FightHub TV арнасына берген сұхбатында.
Жарнама