WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) реванш кезінде "қашып жүру" стилінен аулақ болуға шақырды , - деп хабарлайды Vesti.kz.
Санчес мексикалықтың екінші жекпе-жекте басқа стильде жұдырықтасатынына сенетінін айтты. Бапкердің айтуынша, соңғы жекпе-жекте Альварес қашып жүрумен болды.
"Реванш өтетін болса, Альварес көбірек соққы жасайды деп сенемін. Бірақ өткен жекпе-жекте ол бірнеше рет жақсы соққы жасай алды, ол да жақсы боксшы", - деді Санчес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Абель Санчес Марвин Хаглер мен Шугар Рэй Леонардтың жекпе-жектерін мысал ретінде келтірді. "Олардың жекпе-жектері қызықты өтті. Олар бір-бірімен соққылармен алмасып отырды. Ал мұнда (Головкин мен Альварес жекпе-жегінде) соққы алмасу қиынға соқты, себебі біреуі үнемі велосипедпен жүрді", - деді бапкер.
Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам аталды.
Осыған дейін Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің екінші кездесуін өткізуге кімнің кедергі келтіріп жүргені жайлы айтқан еді.
Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.
6 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалған болатын.
Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама