75 келідегі финалда айқасатын боксшылар іріктелді

Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде соңғы - 75 келі салмақтағы финалистер анықталды.
Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде соңғы - 75 келі салмақтағы финалистер анықталды.
Бұрымдылар арасында рингке соңғы болып Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы көтерілді. Жартылай финалдық жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Гүлсая Ержан жеңіске жетті.
Енді бүгінгі финалда ол Валентина Хальзовамен Бангкокте өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне бару мүмкіндігін сарапқа салады.
Жарнама