Бокс
3 қазан 2022 14:20

50 қарсыласын нокаутқа түсірген аңыз боксшы көз жұмды

©usdaynews.com

Сан-Паулуда (Бразилья) 87 жасына қараған шағында Эдер Жофре көз жұмды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Жофре 1956 жылғы Олимпиада ойындарында Бразилия атынан өнер көрсетіп, 1957-1976 жылдары кәсіпқой бокста карьерасын жасады. 

1960 жылы өте жеңіл салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулын жеңіп алды, ал 1973 жылы жарытлай жеңіл салмақта чемпион атанды. 

Эдер карьерасын керемет рекордпен аяқтады - 72-2-4, 50 КО. Рекордындағы екі ғана жеңіліс те ұпай санымен жапониялық Масахико Харададан болды.

1992 жылы Жофренің есімі Бокстың халықаралық даңқ залына жазылды. Ал The Ring журналы оны кейінгі 80 жылдағы ең мықты 20 боксшының қатарына кіргізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport