Бокс
23 қаңтар 2018 15:05
 
"3 ақпанда Ресейге атом бомбасы құлайды" - Дортикос алдағы жекпе-жегі жайында

  Пікірлер

blog.share

"3 ақпанда Ресейге атом бомбасы құлайды" - Дортикос алдағы жекпе-жегі жайында Гассиев және Дортикос. Сурет: boxingscene.com

WBA ұйымының нұсқасы бойынша ауыр салмақта regular чемпион Юниер Дортикос (22-0, 21 КО) IBF белбеуіне ие ресейлік Мурат Гассиевке (25-0, 18 КО) қарсы атақ үшін жекпе-жекке дайындықтың өте жақсы өткенінен ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бұл кездесудің жеңімпазы Бүкіл әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалына жолдама алады. 

vRINGe.com басылымының жазуынша, кубалық боксшы қарсыласына нағыз айқасқа дайын болуға кеңес берді және жеңіске жететініне сенімділік танытты.

"Жаттығу лагері тамаша өтіп жатыр. Бұл жолы біз елеусіз дүниелерге де мән бердік. Шынын айтсам, мен жаттығу процессіне мұншалықты қызығушылықпен кіріскен емеспін. Әрбір жекпе-жек - мен үшін бүкіл өмірімнің жекпе-жегі, осы жолғы да солай болады. Біз жұдырықтасу керек болса, Иракқа да баратын едік. Біз соғысқа дайындалдық және 3 ақпанда Ресейге атом бомбасы құлайды", - дейді Дортикос BoxingScene порталына берген сұхбатында. 

Ал кубалық боксшының бапкері Эрик Кастаньо да атқарылған іс пен жалпы дайындыққа риза екенін жеткізді. 

"Ол рингте де, басқа жағынан да ілгерлегенін көрсетті. Суперсерия арқасында ол басқа деңгейге көтеріліп, нағыз Дортикостың қандай екенін танытты. Ал Ресейдегі жеңіс оның мерейін үстем қылып, жаңа деңгейге көтереді. Ол бұған лайық. Ол ең тамаша", - дейді бапкер. 

Жарнама

Живи спортом!