Америкалық боксшы Чордейл Букер (23-1, 11 КО) кәсіпқой рингте WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) мәлімдемесіне жауап берді.
Жәнібек бұған дейін дивизионда ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейтінін жазған еді.
"Мен бармын. Егер біреудің орын ауыстыруға қарсылас қажет болып жатса, маған айтарсың", - деп жазыпты ол Жәнібектің жариялымына жауап ретінде.
Айта кетейік, Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (31-3-3, 19 КО), ал WBC доминиканалық Карлос Адаместе (24-1, 18 КО).
Қазақстандық боксшы кейінгі рет күзде жұдырықтастыЖәнібек кейінгі рет 2024 жылы 4 қазан Аустралияның Сидней қаласында жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түмсірген еді.