22 нокауты бар америкалық чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 КО) өзінің кезекті жекпе-жегі алдындағы баспасөз мәслихатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) айқасты тағы сөз еті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чарло келесі жекпе-жегінде WBC рейтингінде бірінші тұрған мексикалық Хуан Монтиэльмен шығады. Бокс кеші 19 маусым Хьюстонда өтеді.
"Ең мықты дегендермен жұдырықтасуға дайынмын. Белбеуім бар. Чемпиондар чемпиондармен айқасады. Титулдары бар басқа да жігіттер бар - Головкин, "Канело", Андраде - сондықтан мұндай айқас бәрібір болады. Мен асықпаймын, әлі жаспын.
Головкинмен жекпе-жек туралы жақсы сұрақ, бірақ, мен білмеймін. Өзінен сұраңыздар. Егер оған WBC белбеуі керек болса, мен жекпе-жекке ашықпын. Чемпиондармен айқас сөзсіз өту керек, алайда, асығатын ештеңе жоқ, жасым 31-де, өмірден ләзәт алып жүрмін", - деп береді Чарлоның сөзін Boxingnews24.com.
Жарнама