Бокс
4 мамыр 2021 10:03
 
22 боксшыны сұлатқан чемпион Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

22 боксшыны сұлатқан чемпион Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады Сурет: REUTERS©

Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізбек ниетте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл менің ұзақ сапарымның басы. Биыл белсенді болғым келеді, енді кемі екі айқас өткіземін деген ойдамын. Бұл жақсы бастама. Маркусқа құрмет білдіремін: басқа жігіттер ол өткізіп алған соққылардан құлайтын. Ол болса алға жүре берді. Орта салмақта әлем чемпиондары жетерлік. Мен айқасқа шыға алатын атақтылар да бар. Менің негізгі мақсатым Головкин немесе титулы бар кез келген боксшы. Бәрі менің бақылауымда, оларды аулауға шығамын", - деп береді Юбенктің сөзін Boxingscene.com.

Мұның алдында британиялық боксшы Головкиннің титулдарын биыл тартып алуды армандайтынын айтқан. Өйткені Геннадийді қалай нокаутқа түсіру керегін біледі екен-мыс. Юбенк 2016 жылы GGG-мен жекпе-жек өткізе алатын еді, дегенмен, келіссөзді өзі үзген еді. 

Жарнама

Живи спортом!