WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Әлімханұлы бұған дейін 2020 жылға үлкен жоспарлар құрып отырғанын айтқан еді. Қазақстандық боксшы чемпиондармен жұдырықтасуды қалайды.
Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 10 қарашада Фреснода (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын қорғап қалған.
2019 жылы қазақстандық боксшы рингке төрт рет шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Үш кездесуді нокаутпен жеңген еді.