Бокс
7 ақпан 15:24
 

"200 граммның да рөлі бар". Айбек өзінен 22 келі ауыр өзбекпен айқас жайлы айтты

  Пікірлер

blog.share

"200 граммның да рөлі бар". Айбек өзінен 22 келі ауыр өзбекпен айқас жайлы айтты ©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport Plus телеарнасына берген сұхбатында өзіне лайықты салмақ дәрежесін табудың қиындығы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport Plus телеарнасына берген сұхбатында өзіне лайықты салмақ дәрежесін табудың қиындығы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл процесс Айбек үшін нағыз сынаққа айналған екен. 

"Мен өзімнің рингтағы салмағымды таба алмай жүрмін. Азия чемпионатында көріп келдік, онда рингта өзімді ауыр сезіндім. Қайрат ағайға (Қайрат Сәтжанов - құраманың бас бапкері) да айттым, ол "байқап тұрмын" деп жауап берді. Азия чемпионатында 103 келі болып шықтым, енді 98-99 келіге түсуді жоспарлап отырмын.

Негізі рингқа шыққан кезінде, өзінді жақсы сезіну маңызды, себебі 100-200 грамм артық салмақтың да рөлі бар. Қазір аса ауыр салмақтағы боксшылар арасында мен ең кішкентаймын, алдында жартылай финалда өзбек қарсыласыммен жұдырықтастым, ол менен 22 келі ауыр болды. Алайда бапкерлер маған "сен қарсыластарыңды ақыл және жылдамдықпен жеңесін, олармен күшіңді салыстырып керегі жоқ" деп айтады", — деді Айбек.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!